Алматы облысында 14 мыңнан астам түлекке Соңғы қоңырау соғылды » «№22 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№22 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 72-0-26
Есепші бөлімі:
+7(72774) 72-0-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысында 14 мыңнан астам түлекке Соңғы қоңырау соғылды
25
май
2019

Алматы облысында 14 мыңнан астам түлекке Соңғы қоңырау соғылды

                            
Алматы облысындағы 768 мектептің 14 мыңнан астам түлегі үшін бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Осы маңызды мерекемен оқушылар мен мектеп бітірушілерді құттықтау үшін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барды.     Салтанатты жиында сөйлеген Амандық Баталов мемлекет қамқорлығының арқасында білім саласының дамып, өркен жайып келе жатқанына тоқталды, атап айтқанда жаңа, заманауи мектептер салынуда, білім нысандарының материалдық-техникалық базалары нығайтылуда, педагогикалық ұжымға тиісті қолдау шаралары көрсетіліп келеді. Облыс басшысы бұл ретте Назарбаев зияткерлік мектебінің үлесі зор екенін де тілге тиек етті. Өңір мұғалімдерінің жемісті еңбегін айта келе, А. Баталов облыс оқушыларының жетістіктерін атап өтті.
 
     - Құрметті жас түлектер, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар! Мен бұл мектепке үнемі үлкен толқыныспен келемін, себебі Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі елімізде жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі. Осы мектепке Елбасының келгені, атқарылған жұмыстарға жақсы баға бергені есімде. Мұнда сендерге сапалы білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Талдықорған Назарбаев зияткерлік мектебінің 5 рет қатарынан үздік олимпиадалық мектеп атануы – сіздрдің және мектеп педагогтарының еңбегінің жемісі. Соңғы қоңырау - балалықпен қоштасу мен жаңа өмірге аяқ басудың белгісі. Әрқашан өздеріңе білім берген мектептеріңмен, өскен қалаларыңмен, бар күш-жігерін жұмсап сендерді оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңмен, сендерді аялап өсірген ата-аналарыңмен және әрбір адамның дамуына мүмкіндіктер жасап отырған тәуелсіз Қазақстанмен мақтана біліңдер. Еліміз Тұңғыш Президентіміз, Елбасының арқасында тұрақты дамып келеді. Армандарың айқын, талаптарың биік, жолдарың ашық, сапарларың сәтті болсын! – деген А. Баталов ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, тілегін білдірді.     Мектеп директоры С. Умербекова да мектеп оқушыларына құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде бір оқушының өтініші бойынша облыс әкімдігі мектепке 3D-принтер сыйға тартқанын да атап өтті.     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша озақ оқушылар марапатталды. Атап айтқанда, оқуда үздік, түрлі пән олимпиадаларында, ғылыми конкурстарда, мектептің қоғамдық өмірінде жетістіктері бар 8 оқушы «Жылдың үздік оқушысы» номинациясының жеңімпаздары атанды, Олардың арасында оқу жылы бойы «Уикипидия» онлайн-энциклопедиясының контентін толықтыруға үлес қосқан 11 «А» сынып оқушысы Алмас Нұрғалиев, 11 «Д» сыныбының оқушысы, жалпы білім беру пәндері бойынша математикадан республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, Украинада математикадан өткен Еуропалық олимпиаданың қола жүлдегері Аружан Сабырбек, «12 С» сынып оқушысы, биология бойынша ғылыми жобалар республикалық конкурсының 1 орын иегері, жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар конкурсының 1 орын иегері Оксана Дмитриенко және т.б. бар.     Дәстүр бойынша «Жылдың үздік шаңырағы» топтық номинациясының жүлдегерлеріне кубок тапсырылды. Халықаралық аккредитация өткізу процесіне қосқан үлесі үшін мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арыстанбек Стыбаевқа алғыс хат берілді.     Мұнан соң мектеп түлектерінің атынан сөз сөйлеген Даниэль Фисюков соңғы қоңырау мерекесімен үш тілде құттықтап, ұстаздарына, мектеп басшылығына алғыс айтты.     Мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламалар қойылып, оқу жылының аяқталғанын айғақтайтын қоңыраудың соңғы сыңғыры қағылды. Концерт соңында оқушылар мектептің әнұраны «Елбасы мектебі» әнін орындады. Салтанат қонақтары мен мектеп ұжымы, оқушылар қызу қол соғып, түлектерді соңғы сабаққа шығарып салды.     Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов басқа да қонақтармен бірге мектеп ішін аралап, оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесті. Оқушылар робототехника, ауыл шаруашылығы, салаларындағы өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын, ғарышты игері және басқа да тақырыптағы зерттеулерімен таныстырды. Облыс әкімі мектеп бітірушілердің сынып сағатына қатысып, онда өзінің мектеп бітіргеннен кейінгі мамандық таңдауы туралы естеліктерімен бөлісті.     Жалпы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде озық тәжірибелі 142 педагог пен 8 шет елдік білікті маман жемісті жұмыс істеуде. Мұнда биылғы оқу жылын 717 оқушы сәтті аяқтап, оның 90-ы халықаралық деңгейдегі Кембридж Емтихан Кеңесінің сынағынан сүрінбей өтті.     9 жыл ішінде 79 түлек Назарбаев Университетіне, 74-і әлемдегі үздік оқу орындарының студенттері қатарына қосылып, 650-ден астам оқушы халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі олимпиадалық жүлделермен Алматы облысының абыройын көтерді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Darrellquest
8 октября 2020 02:22
Для праздничного настроения вам пригодятся воздушные шарики. И не важно, ведь шарики в наличии для разных праздников, такие как? дни рождения, новый год, восьмое марта. Чтобы купить гелевые воздушные шарики перейдите на сайт купи-шары.рф Воздушные шары Будь на волне! подойдет для всех, и детей и взрослых. Наверно это лучшее решение в такой кризисный год.

---


http://freemovies.pl/user/Kevinviell/

----


http://pornodura.com/user/Eduardogef/

---


http://posolstvo-cuba.ru/user/Michealacerb/

---

Просто утанови активатор с этого сайта активация windows 7 это беслптано. После чего windows 7 будет работать как положено. Второй сайт, который так же выдает бесплатные активаторы для всех можно найти тут активация виндовс 7 это реально рабочий метод активации ОС виндовс. Причем бесплатно. Даже парится не надо и покупать ничего. Простой активатор на сайте активация windows 7причем просто устанавливается.
EmilioFuT
30 мая 2021 01:11
шарики с шелием

----

Вот о чем я вам хотел сказать сейчас

----


новые промокоды казино Slots City Украина

----

Сколько нужно, все бери

----


взять займ на карту без отказа