Тамақтандыру - «№22 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі https://22-talgar.mektebi.kz/ ru Тамақтандыру - «№22 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі DataLife Engine Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы бұйрық https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/187-mektepte-ysty-tamaty-jymdastyru-turaly-bjry.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/187-mektepte-ysty-tamaty-jymdastyru-turaly-bjry.html ]]> ]]> admin Tue, 27 Feb 2024 13:52:18 +0600 Буфеттік ас мәзірі 2023-2024 оқу жылы https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/as-mzr/186-bufettk-as-mzr-2023-2024-ou-zhyly.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/as-mzr/186-bufettk-as-mzr-2023-2024-ou-zhyly.html Буфеттік ас мәзірі 2023-2024 оқу жылы]]> Буфеттік ас мәзірі 2023-2024 оқу жылы]]> admin Tue, 27 Feb 2024 13:10:02 +0600 Келісім шарт 2021-2022 оқу жылы https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/kelsm-sharttar/137-kelsm-shart-2021-2022-ou-zhyly.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/kelsm-sharttar/137-kelsm-shart-2021-2022-ou-zhyly.html
]]>
]]> admin Wed, 29 Sep 2021 10:52:12 +0600
Білім беру объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/141-blm-beru-obektlerdeg-tamatanu-zhadajlaryna-ojylatyn-sanitarijaly-jepidemiologijaly-talaptar.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/141-blm-beru-obektlerdeg-tamatanu-zhadajlaryna-ojylatyn-sanitarijaly-jepidemiologijaly-talaptar.html 101. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылады.

 102. Тамақ ішу арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.

 103. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.

 104. Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

 105. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.

 106. Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының ұсынылатын массасы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.

 107. Осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін ауыстыруға жол беріледі.

 108. Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмейді.

 109. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.

 110. Таңғы ас тағамнан (бірінші немесе екінші) және сусыннан (компот, кисель, шай және шырындар) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемістерді, сары маймен немесе ірімшікпен бутербродтарды таңғы асқа енгізуге немесе жеке қабылдауға жол беріледі.

 Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс еті) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.

 Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) енгізіледі.

 Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.

 Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері және тоқаш немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдер енгізіледі.

 111. Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс.

 112. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылады.

 Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады.

 113. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруда көрсетілген тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-аспаптық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларында өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.

 114. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

 115. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.

 116. "С" витаминімен витаминдеуді балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес деректерді "С-витаминдеу" журналына енгізе отырып, "С" витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг мөлшерінде жүргізеді.

 117. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.

 118. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.

 119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:

 1) қатық, сүзбе, айранды;

 туралған ет қосылған құймақтарды;

 флотша макаронды;

 зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

 кремі бар кондитерлік өнімдерді;

 тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

 морстар, квастарды;

 фритюрде қуырылған өнімдерді;

 шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

 күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

 окрошканы;

 саңырауқұлақтарды;

 өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

 тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

 газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

 фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

 ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

 2) мыналарды:

 пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

 суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

 ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

 тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

 механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

 құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

 сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

 генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

 йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.

 120. ЖОО-ны қоспағанда білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін өткізетін автоматтарды орнатуға жол берілмейді.

 121. Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.

 122. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

 Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.

 123. Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақтайды.

]]>
admin Mon, 13 Sep 2021 11:14:56 +0600
Мектепте оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру туралы бұйрық https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/140-mektepte-oushylara-ysty-tama-jymdastyru-turaly-bjry.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/140-mektepte-oushylara-ysty-tama-jymdastyru-turaly-bjry.html ]]> admin Mon, 13 Sep 2021 11:10:24 +0600 Буфеттік ас мәзірі 2021-2022 оқу жылы https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/as-mzr/139-bufettk-as-mzr-2021-2022-ou-zhyly.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/as-mzr/139-bufettk-as-mzr-2021-2022-ou-zhyly.html ]]> admin Mon, 13 Sep 2021 11:03:10 +0600 Аудан мектептерінде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру туралы бұйрық https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/138-audan-mektepternde-oushylara-ysty-tama-jymdastyru-turaly-bjry.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/bjry/138-audan-mektepternde-oushylara-ysty-tama-jymdastyru-turaly-bjry.html ]]> admin Mon, 13 Sep 2021 10:58:22 +0600 Мектептегі тамақтандыру жұмыстары https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/111-mektepteg-tamatandyru-zhmystary.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/111-mektepteg-tamatandyru-zhmystary.html Дұрыс тамақтану       
 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
      Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-17.00-ге дейін жұмыс жасайды. 
    Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері  мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына біррет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 200 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.
   Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

Дұрыс тамақтану ережелері:
  1. тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
  2. тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
  3. тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.  

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
  1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
  2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
  3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.
  4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
  5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Фото сурет
]]>
admin Thu, 25 Mar 2021 13:14:20 +0600
2020-2021 оқу жылындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы ақпарат https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/110-almaty-oblysy-blm-basarmasyny-talar-audany-bojynsha-blm-blm-memlekettk-mekemesn-22-zhalpy-blm-beretn-orta-mekteb-memlekettk-kommunaldy-mekemes-2020-2021-ou-zhylynday-ysty-tamaty-jymdastyrylu.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/110-almaty-oblysy-blm-basarmasyny-talar-audany-bojynsha-blm-blm-memlekettk-mekemesn-22-zhalpy-blm-beretn-orta-mekteb-memlekettk-kommunaldy-mekemes-2020-2021-ou-zhylynday-ysty-tamaty-jymdastyrylu.html 2020-2021 оқу жылында ыстық тамақпен 44 оқушы тамақтануы тиіс, елімізде болып жатқан карантиндік шараларға байланысты кезекші сыныптарда оқитын 8 оқушының тізімі мен құжаттары  даярланды, Аудандық Білім бөліміне тарапынан конкурс берілді.  Қазіргі таңда мектеп асханасын жалға алып отырған «ИП Якупов Д.Н» каратиндік жағдайға байланысты  «Мектеп асханасын ашудан бас тарту» бойынша жазған  өтініші негізінде асхана жұмысы ұйымдастырылмады.










]]>
2020-2021 оқу жылында ыстық тамақпен 44 оқушы тамақтануы тиіс, елімізде болып жатқан карантиндік шараларға байланысты кезекші сыныптарда оқитын 8 оқушының тізімі мен құжаттары  даярланды, Аудандық Білім бөліміне тарапынан конкурс берілді.  Қазіргі таңда мектеп асханасын жалға алып отырған «ИП Якупов Д.Н» каратиндік жағдайға байланысты  «Мектеп асханасын ашудан бас тарту» бойынша жазған  өтініші негізінде асхана жұмысы ұйымдастырылмады.










]]>
admin Thu, 25 Mar 2021 11:00:08 +0600
Перспективалық ас мәзірі https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/126-perspektivaly-as-mzr.html https://22-talgar.mektebi.kz/pitanie/126-perspektivaly-as-mzr.html

]]>


]]>
admin Thu, 25 Mar 2021 01:14:28 +0600